АСТАНА, 9 қар – Sputnik. Алматы хайуанаттар бағының директоры Қанат Кәрімов бірнеше жануар өлгеннен кейін қызметтен кету туралы өтініш білдірді. Жарты жыл ішінде Алматы хайуанаттар бағында амур жолбарысы, керік пен гепард ұрғашысы өлді.
"Өкінішке қарай, ақпараттық кеңістікте хайуанаттар бағы төңірегінде қиын жағдай қалыптасып, қалыпты шектен шықты. Бұл қарсытұру мені басшы ретінде қабылдамауға дейін әкелді. Сіздер де, мен де қандай шара қолдансам да, жануарлардың өлімінен қашып құтылу мүмкін емес. Осыған байланысты енді тағы да шу көтеріліп, біздің кәсіпорынның да беделі түседі. Жағдайды түсіне отырып, өз еркіммен қызметтен кету туралы өтініш жаздым", — деді Кәрімов қызметін босата отырып.
Кәрімов хайуанаттар бағының директоры қызметін бір жыл атқарды. Алматы хайуанаттар бағында осы жылдың көктемінен бері орын алған жануарлар өлімінің қатары қоғамдық шу туғызды. Қала тұрғындары хайуанаттар бағының басшыларын жануарларға қалыпты жағдай жасай алмай отыр деп айыптауда. Өз кезегінде мекеме басшылығы хайуанаттар бағындағы жағдай қалыпты және халықаралық нормаларға сай келеді деп мәлімдейді.