АСТАНА, 9 қар — Sputnik. Қазақстан тарихындағы мүмкіндігі шектеулі қыз-келіншектерге арналған "Ұлы Дала Ханшайымы" атты алғашқы сұлулық конкурсының финалына санаулы күндер ғана қалды. Алдағы сенбі, 12 қараша күні финалисттер Алматыдағы Atakent Park Hotel қонақ үйінің конгресс-холлы сахнасында өнер көрсетеді.
Бастапқыда финал Almaty Towers ғимаратында өтеді деп жоспарланған еді. Алайда 6 қараша күні ғимаратта болған ауқымды өрттен кейін финал өткізілетін мекенжайды өзгертуге шешім қабылданды.
"Алма-Ата" қыздар клубының" мүшелері, осы конкурсты ұйымдастырушылардың айтуынша, қатысушылар бір ай бойы дайындалған көрінеді: қыздар би үйренуде және білікті стилист, визажист, психолог мамандармен жұмыс істеп жатыр. Әрбір қатысушы кеш сахнасында өнерін көрсетіп, көрермен көзайымы бола алады. Демеушілер әрбір қыз-келіншекке ескерткіш сыйлықтар береді. Әрине, ең басты сыйлыққа кеш ханщайымы ие болады, бірақ оның қандай сыйлық екенін ұйымдастырушылар әлі де құпия сақтап отыр.
Көрермендер таңғажайып шоудың куәсі болады: конкурста қатысушылардан бөлек, қазақ эстрадасының жұлдыздары өнер көрсетеді. Айтпақшы, бұл шарадан көрермендер де құр қол қайтпайды.
Sputnik Қазақстан шараның ресми медиа серіктесі болып табылады.