Оқиға

Almaty Towers кешеніндегі өртте қаза тапқандардың отбасына 3 млн теңгеден көмек көрсетіледі

© Photo : сообщество LFA / Lexus Family Almaty в ВКонтактеAlmaty Towers кешеніндегі өрт
Almaty Towers кешеніндегі өрт - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Өрт шығып, адамдар қаза тапқан бизнес орталығының басқарушы компаниясы өрт құрбандарының отбасыларына 3 миллион теңгеден материалдық көмек төлейді.

АСТАНА, 9 қар — Sputnik.  Almaty Towers бизнес орталығында шыққан өрттен қаза тапқан алты адамның отбасыларына 3 миллион теңгеден материалдық көмек көрсетіледі деп хабарлады Алматы әкімшілігінің баспасөз қызметі басқарушы компанияның өкілі Аблимит Рахматуллаевқа сілтеме жасап. 

дәнекерлеуші - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Өртте қаза тапқан студенттер туралы достары: шарттарды білген, бірақ ақша таппақ болды

Қала әкімі қаза тапқандардың отбасына көңіл айтып, оларға жан-жақты қолдау көрсетуді тапсырды.

"Қазір барынша жәрдем беріп, жерлеу рәсіміне қатысты барлық мәселелерді шешу керек. Ешкім назардан тыс қалмасын. Комиссия бәрін жедел әрі ашық түрде тындырып, аз уақыт ішінде есеп беруі тиіс", — деп атап өтті Байбек.

Өз кезегінде "Алматы Тауэрс" басқарушы компаниясының өкілі өрт кезінде қаза тапқандардың отбасыларына материалдық көмек бүгін төленетінін мәлімдеді.

"Осы қайғылы оқиғада қаза тапқан жандардың отбасыларына көңіл айтқымыз келеді. Біздің компания басқармасының шешімімен барлық қайтыс болғандардың отбасыларына 3 миллион теңге көлемінде материалдық көмек көрсетіледі. Ақшалай қаражат бүгіннен бастап төленетін болады", — деп хабарлады Рахматуллаев.

Жаңалықтар
0