АСТАНА, 9 қар — Sputnik. Қазақстан Президенті Сеул қаласына барды, сапар аясында ел Президенті Пак Кын Хемен кездеседі деп хабарлады Ақорда ресми сайты.
Мемлекеттер басшылары келіссөздер аясында халықаралық күн тәртібіндегі мәселелерді және Қазақстан мен Корея қарым-қатынасының басты аспектілерін талқылайды, сондай-ақ оның қорытындысы бойынша бірқатар екіжақты құжаттарға қол қойылады деп жоспарлануда. Бұдан бөлек, Нұрсұлтан Назарбаев іскер топтар өкілдерімен кездеседі және "Енсей" университетіне барады.