Экономика

Ақышев: АҚШ-тағы сайлау теңгеге жанама әсер етуі мүмкін

Жазылу
АҚШ-тағы сайлау аясында мұнай барелінің бағасы төмендеп, соның салдарынан таңертеңгі қор биржасы саудасында долларға қатысты теңге бағамы 341,1 теңгені құрады.

АСТАНА, 9 қар — Sputnik.  Қазақстан кейбір факторларға тәуелді, ал бұл факторлар өз кезегінде АҚШ-тағы президенттік сайлауға тәуелді болуы мүмкін деп мәлімдеді Ұлттық Банктің төрағасы Данияр Ақышев.

"АҚШ президенттік сайлауы біздің ұлттық валютаға ықпалын тигізеді деп ойламаймын. Себебі біз басқадай факторларға тәуелдіміз, ал осы факторлар сайлауға тәуелді болуы әбден мүмкін", — деді Ақышев парламент мәжілісінің пленарлық отырысынан кейін.

Сайлау барысы туралы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев та  сөз қозғады.

"Жалпы айтқанда, нарыққа әсері ақырындап тиіп жатқанын байқап отырсыздар, яғни баға кесілуі біраз төмендеді. Бұл Трамптың сайлау алдында Америка экономикасында протекционизммен айналысатыны туралы мәлімдеуімен байланысты шығар", — деді Бишімбаев.

Қазақстан билік өкілдері  2017-2019 жылдарға мұнай бағасын барреліне 35 доллар деп белгіледі. 2017-1019 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасында 2021 жылға қарай бұл көрсеткіш 45 долларға дейін өседі деп көрсетілген. 

Жаңалықтар
0