АСТАНА, 9 қар — Sputnik. Республикалық партия атынан АҚШ президенттігіне үміткер Дональд Трамп 276 дауыс жинап президенттік сайлауда жеңіске жетті деп жазады РИА Новости Washington Post газетінің болжамына сілтеме жасап.
Клинтон, газеттің болжамы бойынша, 218 дауыс жинады.
Алдыңғы қатарлы телеарналар мен Associated Press ақпараттық агенттігі берілген дауыстарды есептегенге дейін статистикалық модельдерге сүйене отырып жекелеген штаттарда кімнің жеңіске жететініне болжамдар жасауда. Бұл болжамдар ресми емес, бірақ біршама беделге ие.
Бірқатар штаттарда берілген дауыстар әлі саналып жатыр.