Әлем

Атамбаевтың атынан Порошенкоға соғылған қоңырау Қырғызстаннан шалынған

© РИА Новости / Медиабанкке өтуПетр Порошенко
Петр Порошенко - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бұдан бұрын Украина президенті Қырғызстан президентімен телефоннан келіссөз жүргізгендігі хабарланған еді, алайда кейіннен Қырғызстанның ресми өкілдері бұл ақпаратты жоққа шығарды.

АСТАНА, 9 қар — Sputnik.  Алмазбек Атамбаев болып Украина президенті Петр Порошенкоға хабарласқан қалжыңбастар Қырғызстаннан қоңырау шалған деп хабарлады Sputnik Қырғызстан агенттігі СІМ басшысы қызметін атқарып отырған Эрлан Абдылдаевқа сілтеме жасап.

2 қараша күні Украина президенті Петр Порошенконың сайтында Атамбаевпен телефон арқылы келіссөз жүргізгендігі туралы ақпарат жарияланған еді. Бірақ сол күні Қырғызстан президенттік аппараты бұл хабарды жоққа шығарды. Президент аппараты басшысының орынбасары Сапар Исаков "бәлкім, украин көшбасшысын біреулер алдаған ғой" деп мәлімдеген болатын.

Бүгін Жогорку Кенеш отырысында "Атам Мекен" фракциясының көшбасшысы Омурбек Текебаев сыртқы істер министрі қызметін атқарушыдан Атамбаев Украина президентіне телефон соқты ма деп сұрады.

"Қоңырау Қырғызстаннан соғылған. Хабарласқандар ол кісінің нөмірін біледі екен. Қазір бұл мәселені Қырғызстан мен Украина арнайы қызметтері тергеуде. Ешқандай келіссөз жүргізілген жоқ", — деді дипломат.

Жаңалықтар
0