Оқиға

Алаяқтық жасады деген күдікті қазақстандық Македониядан экстрадицияланды

© Sputnik / Кирилл Каллиников / Медиабанкке өтуқамауға алу
қамауға алу - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Болжам бойынша интерполмен іздеу жарияланған қазақстандық жалған құжаттар пайдаланып ірі көлемде несие алған.

АСТАНА, 9 қар — Sputnik. Алаяқтықта күдікті болған интерпол желісімен іздеу жарияланған Павел Рукосуев Қазақстанға Македониядан экстрадицияланды, деп хабарлады ҚР ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі. 

Ағымдағы жылдың 13 мамырында Қазақстан Республикасының 35 жасар азаматы Павел Рукосуев Македония аумағында қазақстандық Интерполдың сұрау салуы бойынша ұсталды.

"9 қарашада Қазақстан ІІМ Интерполының және Бас прокуратураның қызметкерлері аса ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін Алматы қаласының ІІД бастамасымен Қызыл бюллетень бойынша халықаралық іздеу жарияланған (тұтқындау және экстрадициялау мақсатымен) Рукосуев  экстрадициялады", — делінген хабарламада.

ІІМ мәліметтеріне сәйкес, 2014 жылғы наурыз – қыркүйек аралығында П.А. Рукосуев адамдармен топтасып, жалған құжаттарды пайдаланып, "РБК Банкінен" ақшалай несие алды. Шығын көлемі – 1 миллиард теңгеден асады.


Жаңалықтар
0