АСТАНА, 8 ноя — Sputnik. Алматыда "Оралман" толықметражды көркем фильмінің жабық көрсетілімі өтті. Картина ұзақ жылдардан кейін Ауғанстаннан елі Қазақстанға оралған отбасының тарихын баяндайды, деп хабарлады "Қазақфильм" АҚ баспассөз қызметі.
"Оралман" фильміне сценарийді режиссер Сәбит Құрманбектің қатысуымен кинодраматург Нұрлан Санжар жазды. Картина композиторы Айдос Сағат болды. Фильмнің жасауға елдің үздік актерлері, операторлары, суретшілері, костюмерлері мен дыбыс режиссерлері қатысты. Олар бұрындары "Қазақфильмнің" көптеген жобаларына қатысқан.
Кинолента сценарий авторы Нұрлан Санжардың айтуынша, "Оралман" фильмі Отан мен туған өлкесін жақсы адам туралы.
"Біздің фильм Отан мен өзінің қатаң, жазық даласын жақсы көретін адам жайлы. Фильм идеясының авторы ретінде менің айтқым келгені: қазақ үшін Отан нан арзан жақта емес, кең тыныс ала алатын жерде", — деді баспасөз-көрсетілімі барысында сценарий авторы, кинодраматург Нұрлан Санжар.
Фильм режиссері кинорежиссер, суретші Сәбит Құрманбеков болды.
"Отанға қайтар жолды тозақтан жұмаққа оралу деп елестеттім, менің оралманым Ауғанстаннан Қазақстанға оралады", — деді Сәбит Құрманбеков.
Фильмге Дулыға Ақмолда, Ержан Түсіпов, Есім Сегізбаев, Шынар Асқарова, Баян Қажнабаева және басқалар түсті.
Фильм ХХ ғасырдың 30-шы жылдары қызыл әскердің жендеттерінен Ауғаныстанға қоныс аударуға мәжбүр болған қазақ отбасы туралы. Бас кейіпкер Базарбай қарттың бір қызы мен ұлы сол жақта дүниеге келеді. Балалары есейіп, отбасын құрады. Ұлы Сапарқұл жергілікті пуштун ұлтынан келіншек алады. Ал қызы ауған жігітіне тұрмысқа шығады. Сапарқұл соғыс кезінде моджахеттер жағында соғысады. Жылдар өтеді. Базарбайдың отбасы Қазақстанға көшуге рұқсат беретін квота алады. Барлығы жолға жиналады. Тек Базарбайдың қызы ғана туыстарымен бірге көше алмайды.
Таулы қышлақтан шыққан отбасыны ұзақ жол күтеді. Ақыры Қазақстан Республикасы шекарасына жетеді. Қарттың арманы орындалып, туған елімен қайта қауышады. Ол жерді сүйіп, көзіне жас алып, атамекеніне оралғанына қуанады.
Миграциялық полиция отбасыға Байқоңыр ғарыш айлағына жақын орналасқан Төре-там ауылына жолдама береді. Олар осында үй салып, жаңа өмір бастап, үлкен отбасы болғысы келеді. Алайда көп ұзамай Базарбай қарт дүниеден өтеді. Сапарқұл қирап қалған әскери радар ғимаратын қайта жөндеп, орнына мешіт тұрғызады.