Оқиға

Алматыда қонақ үй өртенді

© Photo : Комитет по ЧСӨрт сөнддірушілер
Өрт сөнддірушілер - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ғимараттың шатыры өртенді. Өрт төменге өтпей бір сағаттың ішінде сөндірілді.

АСТАНА, 8 қар — Sputnik. Сейсенбіге қараған түні Алматының Түрксіб ауданында "Достар" қонақүйінің екі қабатты ғимаратында өрт шықты, деп хабарлады Алматы қалалық ТЖД-ның ресми өкілі Сандуғаш Баймұхамбетова. 

Оның ақпаратына сәйкес, өрт туралы хабарлама ТЖД-ның "101" пультіне сағат 02:14-те келіп түскен. 

"Күштер мен құралдар жоғарыланған шақыру нөмірімен кетті. Алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері шақырылған жерге бес минутта сағат 02:19-де жеткен. Өрт сөндірушілер келген сәтте жағдай келесі болған: қонақ үй шатыры қатты өртеніп жатқан,төмен орналасқан қабаттарға өрттің тарау қауіпі болған", — деді ТЖД өкілі. 

Өрт сөндірушілер шатырды сөндіруге және төменгі қабаттарды қорғауға кірісті. Бір мезетте адамдар қауіпсіз жерге көшірілді. 

Қабылданған шаралармен жалпы ауданы 28 шаршы метрді құраған өрт 03:05-те ауыздықталып, 03.27-де жойылды. 30 адам қауіпсіз жерге көшірілді. Өртті сөндіруге жеке құрамның 70 адамы мен 22 бірлік техника жұмылдырылды. 


Жаңалықтар
0