АСТАНА, 8 қар — Sputnik. Әлия Қайратқызы Ғалымова дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің азаматтық қоғам комитетінің төрайымы қызметіне тағайындалды, тиісті бұйрыққа ведомство басшысы қол қойды.
Ғалымова Әлия Қайратқызы 1987-1992 жж. әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің тарих факультетінде Саяси-әлеуметтік пәндер оқытушысы мамандығы бойынша білім алған.
1992-1994 жж. Павлодар қаласындағы Қазақ-Герман техникалық бизнесс-колледжінде тарих пәнінің мұғалімі; 1995-2003 жж. С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің мұғалімі болған.
2000-2003 жж. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің мұғалімі; 2003-2008 Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінде бас сарапшы, бөлім меңгерушісі, әлеуметтік-саяси бөліміні басшысының орынбасары қызметін атқарды.
2008-2010 Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары;
2010-2012 жж. Павлодар облысы әкімінің орынбасары; 2012-2015 жж. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Жауапты хатшысы болып қызмет етті.
2011 жылы шақырылған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттығына "Нұр Отан" партиясының партиялық тізімі бойынша кандидат. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты (05.10.2015-20.01.2016).
Марапаттары: 2011 жыл "Құрмет" ордені 2011 жыл "ҚР Тәуелсіздігіне 20 жыл" мерейтойлық медалі 2015 жыл "Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл"мерейтойлық медалі.