АСТАНА, 7 қар — Sputnik. Одесса облысының губернаторы, Грузияның бұрынғы президенті Михаил Саакашвили биліктің жемқорлықпен күресуге құлқы болмауына байланысты отставкаға кету туралы мәлімдеді.
"Порошенко немесе Янукович (Украинаның бұрынғы президенті Виктор Янукович — ред)? Оларды (халық – ред.) кімнің тонайтыны бәрібір емес пе… Президент Порошенко оған Яценюктің кедергі келтіретінін айтқан (бұрынғы премьер Арсений Яценюк – ред.). Біз "За очищение" деген қозғалыс құрып, оған Яценюктен құтылуға көмек бердік… Президенттің өзі Одесса облысында 90-шы жылдарындағы адам өлтірушілерден тұратын Трухановтың (Одесса мэрі Геннадий Труханов) криминалды кланы мен жемқор кланы — екі кланды қолдап отырған жағдайда", — деп мәлім етті Саакашвили.
Саакашвили Одесса облысының губернаторы қызметіне 2015 жылғы 30 мамырда тағайындалды. Оны тағайындау бастамасын Порошенко көтерген. Президент Саакашвилиге өңірдегі жемқорлықпен күресуде де үлкен үміт артатынын мәлімдеген.