АСТАНА, 7 қар – Sputnik. Қазақстанның бес солтсүтік облыстары мен Астана қаласында сәрсенбі 9 қараша күні қатты жел соғып, көктайғақ болады деп хабарлады Қазгидромет.
Синоптиктердің мәліметінше, Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарында сәрсенбі күні күндіз, сондай-ақ Павлодар облысында бейсенбіге қараған түні оңтүстік-батыстан соққан жел 15-20 м/с дейін күшейеді, кей жерлерде 23-28 болып, желдің ұйытқуы 30 м/с асады.
Кей жерлерде көктайғақ, төменнен соққан боран болады деп күтілуде.