Экономика

Жапондар Қазақстанның батысында жел энергиясы станциясын салады

© Photo : пресс-служба акима Северо-Казахстанской областиЖел энергиясы қондырғылары
Жел энергиясы қондырғылары - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстан-Жапонния бизнес-форумында 1,2 миллиард доллар көлемінде 13 келісімшартқа қол қойылды.

АСТАНА, 7 қар – Sputnik.  Қазақстан мен Жапония Маңғыстау облысындағы жел энергиясы станциясының құрылысы мен пайдаланылуының жапон тарапынан қаржыландырылуы туралы келісімге келді деп хабарлады Kaznex Invest экспорт және инвестиция жөніндегі агенттігі. 

Назарбаев Жапония императоры Акихитомен кездесті - Sputnik Қазақстан
Саясат
Назарбаев Жапония императоры Акихитомен кездесті

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Жапонияға ресми іссапармен барды. Дүйсенбі күні іссапар аясында үкіметаралық комиссияның отырысы өткізілді. Отырыс бизнес-форум форматында өтті, оған Қазақстан мен Жапонияның 350 компаниясы қатысты, олардың 200-ден астамы жапон бизнесінің өкілдері болды.

"Қазіргі уақытта екі ел арасында энергетика, логистика, көлік құрастыру, фармацевтика және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар салаларында 4 миллиард АҚШ долларынан артық сома көлемінде 25-ке тарта инвестициялық жобалар жүзеге асырылуда. Бүгін Қазақстан Жапония іскерлік аясының қызығушылығын тудыратын жаңа ұзақ мерзімді жобалар ұсынады", — деді ҚР инвестициялар және даму жөніндегі вице-министрі Ерлан Қайыров. 

Бизнес форумның нәтижесінде химия, мұнай химия, инновациялық технологиялар, мемлекеттік-жеке серіктестік, энергетика, қаржы, құрылыс материалдарын өндіру, туризм және сауда салаларында 1,2 миллиард АҚШ доллары көлемінде 13 коммерциялық келісімге қол қойылды.

Жаңалықтар
0