Видео

Лондондағы маска кигендер шеруі: 50-ден аса наразылық білдіруші ұсталды

Жазылу
Anonymous хакерлер қозғалысын жақтаушы мыңдаған адамдар Гай Фокс маскасын киіп алып, Трафальгар алаңында шеруге шықты. Сөйтіп, олар парламент үйіне қарай бет алды. Әр түрлі ұрандар тастаған наразылық білдірушілерді полицейлер қоршауға алды.

Скотленд-Ярдтың мәлімдеуінше, барлығы 47 адам ұсталған. Олардың ішінде 14 адам – есірткіге қатысты құқық бұзғаны үшін, үшеуі – шабуыл жасау мақсатында қару ұстағаны үшін және екеуі – маскасын шешпей қойғаны үшін қамауға алынды.


Жаңалықтар
0