Өңірлер

Алматы-Отарда вагондар рельстен шығып кетті

© Photo : АО "НК "ҚТЖ"Жүк вагондары
Жүк вагондары - Sputnik Қазақстан
Жазылу
12 жүк вагоны рельстен шығып кетті. Пойыз қозғалысы үш сағатта қалпына келтіріледі.

АСТАНА, 7 қар – Sputnik. Алматы жол бөлімшесінің Алматы-Отар бөлігінде жүк вагондарының рельстен шығып кетуіне байланысты сегіз пойыз тоқтатылды деп хабарлайды "Қазақстан темір жолы" ҰҚ" АҚ баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, 2016 жылғы 7- қарашада таңғы 5 сағат 18 минутта Алматы жол бөлімшесінің Алматы-Отар желісіндегі Саз станциясында екінші жолдан №2851 жүк пойызының 12 вагоны шығып кетті.

Ұлттық компанияның мәлімдеуінше, зардап шеккендер жоқ. Оқиға орнында Алматы жол бөлімшесінің қалпына келтіру пойызы жұмыс істеуде. 8 жолаушылар пойызы кестеден кешікті. 

Пойыз қозғалысы алдағы үш сағатта қалпына келеді деп күтілуде. Апат себебін анықтау үшін «ҚТЖ» ҰК» АҚ жанынан арнайы комиссия құрылды.

Жаңалықтар
0