Әлем

ФТБ Клинтонның электрондық хат алысу ісін жапты

© Sputnik / Никита Шохов / Медиабанкке өтуХиллари Клинтон
Хиллари Клинтон - Sputnik Қазақстан
Жазылу
ФТБ жаңа табылған хаттарға байланысты Хилари Клинтонға айып тақпайды.

АСТАНА, 7 қар — Sputnik. АҚШ Конгресі ФТБ директорынан бұрынғы мемлекеттік хатшы, қазіргі президенттікке кандидат Хилари Клинтонды қылмыстық қудалауға негіз жоқ деген хат алды. Бұл оған қарсы электрондық хат алмасуға қатысты іс жабылды дегенді білдіреді, деп хабарлайды РИА Новости Рейтер агенттігіне сілтеме жасай отырып. 

Жексенбі күні АҚШ конгресінің қадағалау және өкілдер палатасы үкіметтік реформа жөніндегі комитет басшысы Джейсон Чаффетс ФТБ директорынан ақпарат алғанын хабарлаған. Онда ведомствоның жаңа электрондық хаттар туралы деректерді тексеру қорытындылары бойынша "(бұрынғы) мемлекеттік хатшы Клинтонға қатысты шілде айында білдірген тұжырымды өзгертпегендігі" айтылған. 

ФТБ директоры Джеймс Коми кейіннен бұрынғы мемлекеттік хатшының қайта табылған электрондық поштаға қатысты дауға байланысты Клинтонға айып тағылмайтынын растаған. 


Жаңалықтар
0