Оқиға

Almaty Towers кешенінде өрт шығып, 80 адам қауіпсіз жерге көшірілді

© Photo : аккаунт Aikyn Tolepbergen в InstagramAlmaty Towers ғимаратындағы өрт
Almaty Towers ғимаратындағы өрт - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Төменде орналасқан дәмханаға өрттің өту қауіпі бар. Сонымен қатар ғимаратта кинотеатр мен қонақ үйі бар.

АСТАНА, 6 қар — Sputnik. Алматы қаласында жексенбі күні кешке Almaty Towers кешенінің бір бөлігі болып табылатын бес қабатты ғимараттың шатыры өртенді, деп хабарлады Алматы қалалық ТЖД-ның ресми өкілі Сандуғаш Баймұхамбетова. 

Оның ақпаратына сәйкес, сағат 18:04-те Алматы қалалық ТЖД-ның кезекшісіне Бостандық ауданындағы Байзақов көшесі 280 мекенжайында өрт шыққаны туралы қоңырау шалынған. 

"Өрт сөндірушілер келген сәтте жағдай келесідей болды: бес қабатты ғимараттың шатыры қатты өртеніп жатқан. Өрттің бір қабат төменде орналасқан мейрамханаға өту қауіпі бар. 80 адам қауіпсіз жерге көшірілді", — деді Баймұхамбетова. 

ТЖД өкілінің хабарламасына сәйкес, өртенген ғимаратта кинотеатр орналасқан. Almaty Towers кешенінің құрамына биіктігі 100 метр болатын 25 қабатты екі мұнара кіреді. Оның ішінде "Рахат Палас" қонақ үйі де бар. 


Жаңалықтар
0