АСТАНА, 6 қар — Sputnik. Шымкентте автобус аялдамасынан сары иттің кетпегеніне бірнеше күн болды, қала тұрғындары оны Хатико деп атап кетті деп жазады Otyrar.kz сайты.
Аудан тұрғындары оны күндіз де, қас қарайған кезде де көріп жүр екен. Тамақтандырайын десе, ит жемейтін көрінеді.
"Аялдамаға біржолата келіп алғандай. Біреуді күтіп жүрген секілді…", — дейді сол маңдағы үйлерде тұратындар.
© Photo : Otyrar.kz"Шымкенттік Хатико" иесін аялдамада күтіп жүр
"Шымкенттік Хатико" иесін аялдамада күтіп жүр
© Photo : Otyrar.kz
Қала тұрғындары ит атқыштар келіп, иттің көзін құрта ма деп қорқады. Шымкенттіктер Хатико деп атап кеткен ит жаяу жүргіншілерге үріп, тиіспейді екен. Соған қарағанда иесі бар, үйретілген ит болса керек.