АСТАНА, 5 қар — Sputnik. Ақорданың баспасөз қызметі Мемлекет басшысының қатысуымен өтетін алдағы іс-шаралар аңдатпасын жариялады.
Қазақстан Президенті 6-9 қарашада ресми сапармен Жапонияда болады. Токиода Жапонияның императоры Акихитомен, Премьер-Министр Синдзо Абэмен және іскер топтар өкілдерімен кездесу өтеді.
Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы Жапонияның Парламентінде және "Токай" университетінде сөз сөйлейді деп жоспарланып отыр.
Сондай-ақ, сапар аясында Нұрсұлтан Назарбаев Хиросимадағы Бейбітшілік мемориалдық саябағында болып, «Хиросима қаласының айрықша құрметті азаматы» арнаулы атағын салтанатты түрде тапсыру рәсіміне қатысады.