АСТАНА, 5 қар — Sputnik. Қазақстан аумағының басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, кей жерлерінде жаңбыр жауады, шығыста, республиканың оңтүстігінде және орталығында жауын-шашынсыз, деп хабарлайды "Қазгидромет" метеоқызметі.
Ақмола облысында күндіз кей жерлерде көктайғақ күтіледі, жел тұрады. Алматы облысында кей жерлерде желдің жылдамдығы 15-20 м/с.-қа жетеді, түнде тұман түсуі ықтимал. Жамбыл облысында кей жерлерде — тұман, күндіз жел 15-20 м/с-қа күшейеді.
Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Қарағанды облыстарында, түнде Павлодар облысында кей жерлерде тұман түседі. Батыс Қазақстан, облысында кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады.
Ақтөбе облысында кей жерлерде тұман, көктайғақ, желдің жылдамдығы 15-20 м/с, түнде жаяу бұрқасындатады. Қостанай облысында да кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ, желдің күші15-20 м/с. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде бұрқасындатады, күндіз өңірдің басым бөлігінде желдің екпіні 15-20 м/с. болады.
Шығыс Қазақстан облысында да бұрқасын күтіледі, тұман, 15-20 м/с. жел тұрады,түнде оның жылдамдығы 23-28 м/с.-ге жетеді.