Оқиға

Астанада АҚШ елшілігінің жанандағы күдікті көлік әбігерге түсірді

Жазылу
Дипломатиялық өкілдіктің маңында дұрыс қойылмаған автокөлік арнайы қызметтің күдігін туғызды.

АСТАНА, 4 қар — Sputnik. Астанадағы АҚШ елшілігінің маңына қойылған автокөлік елордалық арнайы қызметтерді аяғына тік тұрғызды. Sputnik Қазақстанға Астана ішкі істер департаментінде хабарлағандай, шақыру орнына келген полиция қызметкері Қошқарбаев көшесіндегі белгіленбеген орынға тоқтаған көлікті тексерген.  

Автоның салонында тыйым салынған ештеңе таылған жоқ. Оқиға орнында кинологиялық қызметтің, жол-патруль полициясының полиция қызметкерлері мен тергеу-оперативті топ жұмыс істеді. 

Қазақстанда Ақтөбедегі терактіден кейін енгізілген террористік қауіптіліктің "сары" деңгейі 2017 жылғы 15 қаңтарға дейін жалғасады. Қазіргі уақытта парламентте экстремизм және терроризммен байланысты қылмыстар үшін жауапкершілікті күшейтетін заң жобасы қаралуда. 


Жаңалықтар
0