АСТАНА, 4 қар — Sputnik. Дүйсенбі, 7 қараша күні сағат 14:00-де Sputnik Қазақстан мультимедиялық баспасөз орталығында Минскідегі студиялармен бейне байланыс орнату арқылы Халықаралық КВН (Көңілді тапқырлар клубы) күніне арналған баспасөз мәслихаты өтеді.
Мерекеге ұсынысты 2001 жылы КВН халықаралық клубының президенті Александр Масляков ұсынған. Бұл күн кездейсоқ таңдалған жоқ. Алғашқы КВН ойыны 1961 жылғы 8 қарашада тұңғыш рет эфирге шыққан.
Алғаш рет Қазақстан құрамасы КВН жоғарғы лигасына 2000 жылы шықты. Ол кезде команда "Казахстанский проект" деп аталған. Олардың сәтті ойын көрсетуі 2005 жылы "Астана.kz" болғаннан басталды. "Казахи" (қазақтар) командасына айналған қазақстандық әзілқойлар үшін ең сәтті 2010 жылғы маусым болған. Ол кезде команда Жоғарғы лиганың вице-чемпионы атанған.
Бұл маусымда біздің ел атынан "Спарта" командасы ойын көрсетеді. Ол КВН жоғарғы лигасының финалына шығып үлгерді.
Астанадан іс-шараға қатысатындар:
Олжас РЫМБАЕВ – "Спарта" командасының ойыншысы;
Бауыржан ОМАРОВ – "Спарта" командасының ойыншысы;
Алмас НҰРТАЗА – "Спарта" командасының ойыншысы;
Әділхан МӘЖИТ – "Спарта" командасының ойыншысы;
Уалихан САТІМБЕКОВ – "Спарта" командасының ойыншысы;
Серікжан НЕСІПБАЕВ – "Спарта" командасының ойыншысы.
Минскіден:
Александр КОМАРОВСКИЙ – "Лучшие друзья" командасының ойыншысы.