АСТАНА, 4 қар — Sputnik. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қырғыз Республикасының Президенті Алмазбек Атамбаевпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Әңгіме барысында мемлекеттер басшылары екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен перспективаларын, сондай-ақ екі елдің Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады.
Қазақстан пен Қырғызстан президенттері алдағы кездесулер кестесін, соның ішінде 2017 жылдың бірінші тоқсанында Түркі тілдес мемлекеттер кеңесінің кезекті саммитін өткізу жайын қарастырды.