АСТАНА, 4 қар — Sputnik. Қазақстан сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов өзінің Словакиялық әріптесі Мирослав Лайчакқа Астанадағы "тамаша ауа райы" үшін алғыс білдірді.
Словакияның сыртқы және еуропалық елдер министрі Мирослав Лайчак Қазақстан елордасында ресми сапармен жүр.
"Лайчак мырза, Сізді бізің елде тағы бір рет көргеніме қуаныштымын. Астанаға тамаша ауа райы әкелгеніңіз үшін рахмет", — деді Ыдырысов.
Ыдырысовтың атап өтуінше, тараптар байсалды келіссөздер жүргізген.