АСТАНА, 4 қар — Sputnik. Тараптар ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен ҚХР Мемлекеттік кеңесінің Төрағасы Си Цзиньпиннің қазақстандық "Нұрлы жол" Ұлттық экономикалық бағдарламасы мен "Жібек жолының Экономикалық белдеуі" қытайлық бастамасын түйіндестіру бойынша тапсырмаларын іске асыру мәселелерін талқылады, деп хабарланады республика үкімет басшысының ресми сайтында.
Экономика, энергетика, ауыл шаруашылығы, туризм, көлік-логистика саласының және коммуникациялардың түрлі сфераларындағы екіжақты қарым-қатынастардың ағымдағы жағдайы және мүмкіндіктері қарастырылды.