Оқиға

Алматы әуе жайында эвакуация жүргізілді

© Sputnik / Анатолий УстиненкоАлматы әуежайы
Алматы әуежайы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бомбы қойылды деген хабарламадан кейін Алматы әуежайының жұмысы жарты сағатқа дерлік бұзылды. Жолаушылар мен әуежай қызметкерлері жедел түрде қауіпсіз жерге көшірілді.

АСТАНА, 4 қар — Sputnik. Алматы халықаралық әуежайының аумағына жарылғыш зат қойылды деген анонимді қоңырау жолаушылар мен әуе жай қызметкерлерін қауіпсіз жерге көшіруге әкеп соқтырды. 

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, 102 пультіне сағат 11-ден 25 минут кеткенде белгісіз біреу әуежай аумағында бомба бар екенін хабарлады. 

"Аталған хабарлама әуежай басшылығы мен қауіпсіздік қызметіне, ТЖД, полиция және құзырлы органдарға хабарланды. Осыдан кейін көп кідіртпей әуежайдағы адамдарды эвакуациялау басталды", — делінген баспасөз қызметінің хабарламасында. 

Сағат 11-49-да жолаушыларды ресімдеу, әуе кемелеріне жүктерді тиеу жұмыстары қалпына келтірілді. Бомба туралы хабарламаның жалған екені анықталды. Қазіргі уақытта Алматы халықаралық әуежайы өз жұмысын жалғастыруда. Құқық қорғау органдары аталған факт бойынша тергеу жұмыстарын бастады. Халықаралық Алматы әуежайы" АҚ басшылығы жүйе жұмысына келтірілген шығынды есептеп жатыр.  


Жаңалықтар
0