Тараз тұрғындары бір бірімен қатты дауылдың қалай ғимарат шатырларын жұлып, талдарды құлатқанын және аяусыз желілерді үзіп, иттерді ұшырып әкеткендігі туралы бөлісті. Көзбен көрушілердің айтуынша, байғұс "ұшып жүрген" жануарларды жел аяусыз ұшырған.
Одан бөлек, соңғы деректер бойынша кем дегенде үш адам алай дүлей болған сұрапыл салдарынан ауруханаға жеткізілген.
Біздің фото таспадан оқиға орындарынан түсірлген кадрларды көріңіздер.

1/6
© Photo : соцсети/Дамир Амангали
Екпіні секундына 30 метрге жеткен жел салдарынан Таразда 10 электр тарату желісі құлады

2/6
© Photo : соцсети / Вадим Добров
Жалпы көлемі екі мың шаршы метрге жуық аумақта ғимараттардың шатыры жұлынып әкетілді.

3/6
© Photo : соцсети / Дамир Амангали
Дауыл құлатқан тал көліктің үстіне түсіп, терезені сындырды

4/6
© Photo : КЧС МВД РК
Қазіргі уақытта қалпына келтіру жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

5/6
© Photo : очевидцы в соцсетях
"Қазіргі уақытта жағымсыз метео жағдайлар салдарынан әртүрлі жарақат алған үш адам туралы белгілі. Олар Тараз қалалық ауруханасына жеткізілген", — деп мәлім етті ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов

6/6
© Photo : КЧС МВД РК
Қаланың әр жерлерінде жедел-құтқару жасағының құтқарушылары жұмыс істеуде. Коммуналдық қызмет жұлынған шатырлар мен құлаған талдарды жинауда.
