Қоғам

Желіде Назарбаев пен ғарыштан оралған Мұсабаевпен кездесуінің суреті жарияланды

© Фото с официального аккаунта Акорды на FacebookНұрсұлтан Назарбаев Талғат Мұсабаевты, Юрий Маленченконы және Ульфа Мербольдті қарсы алды.
Нұрсұлтан  Назарбаев Талғат Мұсабаевты, Юрий Маленченконы және Ульфа Мербольдті қарсы алды. - Sputnik Қазақстан
Жазылу
1994 жылғы 4 қарашада Нұрсұлтан Назарбаев ғарыштағы "Мир" орбиталық стансасынан оралған Талғат Мұсабаевты, Юрий Маленченконы және Ульфа Мербольдті қарсы алды.

АСТАНА, 4 қар — Sputnik. Тура 22 жыл бұрын екінші қазақстандық ғарышкер Жерге оралды. Ол кезде Талғат Мұсабаев ғарыштағы "Мир" орбиталық стансасында болған сапарын аяқтап, Жерге оралды. Кездесу сәті бейнеленген фото Ақорданың Facebook желісіндегі ресми парақшасында жарияланды.

Талғат Мұсабаевтың ғарышқа сапары 1994 жылғы 1 шілдеде "Союз ТМ-19" ғарыш кемесінің бортинженері ретінде басталды.

Сол күні Нұрсұлтан Назарбаев Талғат Мұсабаевты, Юрий Маленченконы және Ульфа Мербольдті Торғай өңірінде салтанатты түрде қарсы алу шарасына қатысты. 

Жаңалықтар
0