АСТАНА, 4 қар — Sputnik. Қазақстанның территориясының басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, кей жерлерінде жауын-шашын болады, шығыста, түнде оңтүстікте және оңтүстік-шығыста қатты жауын-шашын болуы ықтимал, тек оңтүстік-батыста ауа-райы жауын-шашынсыз, деп хабарлайды Қазгидромет метеоқызметі
Кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады, жел 15-28 м/с, оңтүстік-шығыста, шығыста және орталықта желдің екпіні 30 м/с дейін күшейеді, солтүстік-шығыста жаяу бұрқасынмен болады.Ақмола облысының кей жерлерінде — тұман, көктайғақ байқалады. Батыс Қазақстан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде — тұман, көктайғақ, желдің күші 15-20 м/с болады. Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде — тұман байқалады, жел 15-20, түнде екпіні 23 м/с болады. Ақтөбе, Қостанай облыстарының, түнде және таңертен Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман байқалады. Павлодар облысында жаяу бұрқасын, көктайғақ, жел 15-20 м/с болады, түнде және таңертең тұман күтіледі. Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, түнде және таңертең кей жерлерде жел 23-28, екпіні 30 м/с дейін күшейеді. Алматы, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, жел 18-23 м/с, екпіні 30 м/с дейін күшейеді. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде бұрқасын, көктайғақ болады, жел 18-23 м/с, екпіні 30 м/с күшейеді. Атырау облысының кей жерлерінде — түнде тұман, күндіз жел 15-20 м/с болады. Маңғыстау облысының кей жерлерінде жел 17-22 м/с күшейеді.