Экономика

Мыңбаев: "ҚазМұнайГаз" қажет емес "еншілерін" жояды

© Sputnik Сауат Мыңбаев
Сауат Мыңбаев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
"ҚазМұнайГаз" басшысы Саут Мыңбаевтың сендіруінше, жойылатын еншілес компаниялардың өндірістік персоналы қысқартылмайды.

АСТАНА, 3 қар — Sputnik. "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы кейбір субхолдингтерін жоюды көздеп, олардың қызметтерінің бір бөлігін өзіне алуға ниетті, деп мәлім етті ҚМГ басқарма төрағасы Сауат Мыңбаев. 

"ҚазМұнайГаз – өңдеу және маркетинг", жыл соңына дейін жойылуы мүмкін, "ҚазТрансГаз" келесі бірінші жартыжылдықта жойылады", — деді Мыңбаев бейсенбіде өткен дөңгелек үстел барысында. 

Оның атап өтуінше, Қазақстанда газ тасымалдау қызметін "ИнтерГаз Орталық Азия" (магистралдық тасымал) және "КазТрансГазАймақ" "өңірлік желілер" атқарады. 

"КазТрансГаз Аймақ" — жеке,  "ИнтерГаз Орталық Азия" жеке ҚазМұнайГаздың тікелей бағынуында болады", — деді журналистерге ұлттық компания басшысы. 

Мыңбаевтың мәліметінше, бұл шешім әкімшілік-басқарма аппаратын 20 пайызға қысқартуға мүмкіндік береді. Өндірістік персоналды қысқарту туралы мәселе көтеріліп отырмағандығын атап өтті ҚМГ басшысы. 


Жаңалықтар
0