Саясат

Қазақстан көтерілісші-хусилердің Меккеге қарай зымыран жіберуін сынға алды

© Photo : официальный аккаунт МИД Казахстана в FacebookСІМ ғимараты
СІМ ғимараты - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстан Йемендегі көтерілісші-хусилердің Меккеге қарай зымыран жіберуін жауапсыз әрекет деп атады.

АСТАНА, 3 қар — Sputnik. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Йемендегі көтерілісші-хусилердің Меккеге қарай зымыран жіберуіне байланысты мәлімдеме жариялады. Йемендегі араб коалициясының қолбасшылығы 2016 жылғы 27 қазанда Йемендегі көтерілісші-хусилер Меккеге қарай зымыран жібергенін хабарлады. 

"Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі көтерілісшілердің бұл әрекетін айыптайды. Мекке және Медине жыл сайын миллиондаған қажы, оның ішінде мыңдаған қазақстандықтар құлшылық жасау үшін зиярат ететін қасиетті мекен болып табылады. Бұл көзқарас бойынша мұндай әрекет өркениеттік, жалпы адамзаттық және ізгілік тұрғысынан алғанда мүлдем қолайсыз болып табылады", — делінген сырты саяси ведомствоның хабарламасында. 

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Сауд Арабиясы Корольдігіне ресми сапармен келді - Sputnik Қазақстан
Саясат
Елбасы Медина қаласындағы Мұхаммед Пайғамбар мешітінде намаз оқыды

Сондай-ақ, мұндай жауапсыз құйтырқы әрекеттер Йемендегі дағдарысты шешуге септігін тигізбейді және қақтығысты саяси реттеу келешегін алыстата түседі.

Қазақстан Йемендегі әскери әрекеттердің әрі қарай өршуінің қолайсыздығы туралы өзінің қағидатты ұстанымына берік екендігін растайды және осы дағдарысты реттеудің жалғыз дұрыс жолы саяси шешім болатындығын жақтайды.

Осыған байланысты БҰҰ Арнайы өкілі Исмаил Ульд аш-Шейх пен өңір елдерінің Президент Абд Раббо Мансур Хадидің әкімшілігі және хуси қозғалысының өкілдері арасындағы тікелей келіссөздерді жандандыру бойынша күш-жігерлеріне қолдау білдіреміз.


Жаңалықтар
0