АСТАНА, 3 қар — Sputnik. Ресей президенті Владимир Путин америкалық актер әрі прдюсер Стивен Сигалды Ресей азаматтығына қабылдау туралы жарлыққа қол қойды, тиісті жарлық Кремль сайтында жарияланды.
"1952 жылдың 10 сәуірінде Америка Құрама шаттарында дүниеге келген Сигал Стивен Фредерик Ресей Федерациясының азаматтығына қабылдансын", — делінген хабарламада.
Осыған дейін Сигал Оңтүстік-Сахалинге "Край света" кинофестиваліне қонақ болып келген кезінде Ресейді ұнатқанын мәлімдеген. Сахалинде ол бизнес жүргізуге мүмкіндіктің барын атап, болашақта ресейлік азаматтық алуы мүмкін екенін айтқан.
Бұрын шетелдік танымал адамдар арасынан Ресей азаматтығын француз актері Жерар Депардье, бокшы Рой Джонс, аралас жекпе-жек жауынгері Джефф Монсон алған.