АСТАНА, 3 қар — Sputnik. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Әңгіме барысында Мемлекет басшысы Ердоғанды Түркияның ұлттық мейрамы – Республика күнімен құттықтап, бауырлас түрік халқына бейбітшілік пен бақ-береке тіледі.
Тараптар екіжақты қарым-қатынастың жай-күйі мен перспективаларын, сондай-ақ бірқатар өңірлік және халықаралық өзекті мәселелерді талқылады.