АСТАНА, 3 қар — Sputnik. Астанада пилоттық жоба аясында көктайғаққа қарсы жаңа буын реагенті қолданылуда. "Айсмелт" хлорлы кальций негізінде өндірілетін көпқұрамды материал, деп хабарланады әкімдіктің ресми сайтында.
Оның басты артықшылықтарының бірі реагенттердің ішінде ең көп шығындалатындығында, бұған қоса, ол көшені ластамайды, және тайғанауға жол бермейді, қар немесе мұз қабатына тез және терең сіңеді және жинағаннан кейін із қалдырмайды.
"Дұрыс қолданған жағдайда реагент көктайғақтың түзілуіне жол бермейді, көктайғаққа қарсы екі құрамдасты (хлорлы кальций және хлорлы натрий) үйлестіру есебінен ұзақ уақыт еруді қамтамасыз етеді", — делінген хабарламада.
Үстіміздегі жылы пилоттық жобаның шеңберінде бір мың тоннадан астам реагент пайдаланылады.