Оқиға

Бақытбек Есентаев 9 жылға сотталды

© Sputnik / Юлия КузнецоваБақытбек Есентаев қызы Айсауле Бақытбекпен
Бақытбек Есентаев қызы Айсауле Бақытбекпен - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Баянның бұрынғы күйеуін бас бостандығынан айырмауды сұрауына қарамастан Бақытбек Есентаев ұзақ мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталды

АСТАНА, 3 қар — Sputnik. Сот танымал қазақстандық продюсер Баян  Мақсатқызының (Есентаева) бұрынғы  күйеуі Бақытбек Есентаевты 9 жылға бас бостандығынан айыруға соттады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі сот залынан. 

Бақытбек Есентаев өз әйелін өлтіруге оқталды, сонымен қатар сексуалдық сипаттағы қылмыстар жасады деп айыпталған. Сот жабық түрде, Алматы облысының қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотында алқа билерінің қатысуымен өтті. 

Баян Есентаева (Мақсаткызы) - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Баян Есентаева күйеуін кешіру шешімі туралы: мен ол парақты жауып тастадым

"Біздің қорғалушымыз квалификациялық белгілерсіз өлтіруге оқталу қылмыс жасады деп айыпталып, жазасын қатаң режимдегі колонияда өтеумен 9 жылға бас бостандығынан айыруға сотталды. Жыныстық қылмыстар бойынша ол ақталды", — деді Есентаевтың адвокаты Бекболат Жақсеитов.

Оның пікірінше, үкі негізсіз. "Ол өлтіруге оқталды деген айыппен заңсыз сотталды, өйткені оның әрекеттерінде өлтіруге оқталу белгілері емес, өзге қылмыстың белгілері бар", — деп түсіндірді адвокат. 

Оныншы маусымда танымал продюсер, актриса, тележүргізуші Баян Есентаева пышақ жарақаттарымен ауруханаға түсті. Бұл қылмысты жасады деген айып оның бұрынғы күйеуі Бақыт Есентаевқа тағылды. Баян соттан бас бостандығынан айыруға байланысты емес жаза тағайындауын сұрады. Ол Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында Бақытбек Есентаевты кешіргенін мәлімдеген. Сот өз кезегінде Бақытбек Есентаев жазадан құтыла алмайды, себебі оның жасаған қылмысы аса ауыр санатқа жатады деп түсіндірген.

Жаңалықтар
0