Саясат

ШЫҰ саммиті: Атамбаев үкімет басшыларымен кездесті

© Sputnik / Александр Астафьев / Медиабанкке өтуШЫҰ мүше мемлекеттерінің үкімет басшылары кеңесінің 15-ші отырысына қатысушылар
ШЫҰ мүше мемлекеттерінің үкімет басшылары кеңесінің 15-ші отырысына қатысушылар - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Шанхай ынтымақтастық ұйымының беделі ұйымға мүше болуға мүдделі елдер қатарының артуымен дәлелді. Мұндай пікірді Қырғызстан президенті ұйымға мүше елдері үкімет басшыларының 15-ші отырысында білдірді.

АСТАНА, 3 қар — Sputnik. Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев Бішкекке саммитке қатысу үшін келген Шанхай ынтымақтастық ұйымына (ШЫҰ) мүше елдері үкімет басшыларымен кездесті, деп хабарлады Sputnik Қырғызстан президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.  

Атамбаев ШЫҰ мүше мемлекеттерінің үкімет басшылары кеңесінің 15-ші отырысына қатысушыларға алғысын білдірді. "Менің барлықтарыңызды көргеніме қуаныштымын. Біз бірге өте үлкен іс атқарып отырмыз. Меніңше бұл дүниежүзілік ауқымдағы іс – ШЫҰ қаншалықты мықты болса, әлемде соншалықты тұрақтылық болады. Осында Бішкекте Ұйымға мүше мемлекеттердің барлық үкімет басшыларының қатысуы – қабылдап отырған тарапқа зор мәртебе", — деді Атамбаев.

Мемлекет басшысының атап өтуінше Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше болуға мүдделі елдер қатарының артуы оның мәртебесінің артуының айқын дәлелді. 

ШЫҰ мүше мемлекеттерінің үкімет басшылары кеңесінің отырысына қатысу үшін Қырғызстанға Қазақстан, Қырғызстан, Қытай, Ресей, Өзбекстан және Тәжікстан үкіметтерінің басшылары келді.


Жаңалықтар
0