АСТАНА, 3 қар— Sputnik. Қарағанды хоккей клубы "Сарыарқаның" қақпашысы Георгииц Гелашвили Жоғары Хоккей Лигасының қазан айындағы ең үздік голкипері атанды деп хабарлайды ЖХЛ ресми сайты.
"Ең үздік голкипер ретінде "Сарыарқа" клубынан Георгий Гелашвили (1983 жылы туылған) атанды. Ол қазан айында тоғыз матчта өнер көрсетіп, сегіз рет жеңіске жеткен, қақпаға бағытталған шайбаның орта есеппен 95% қайтарған. Бір матчта Георгий қақпасына бірде-бір рет гол соққызбаған", — делінген сайт хабарламасында.
Әзірше "Сарыарқа" қақпашысы тұрақты маусымның үзік голкипері деген атқа лайықты басты үміткер болып отыр, өйткені оның командасына бұл маусымда ең аз гол соғылған: 18 матчта 28 шайба.