АСТАНА, 3 қар— Sputnik. Қазақстан президентінің Ресей мен Жапония ынтымақтастығының әлеуеті туралы айтқан пікірі түсірілген бейнежазба Ақорданың Facebook желісіндегі ресми парақшасында жарияланды.
Нұрсұлтан Назарбаевтың пікірінше, екі елдің арақатынасы реттелуі үшін сенімді қарым-қатынас орнатылып, достық, өзара сауда және тағы басқа мәселелер бойынша екі жақты келісімдер жасалуы тиіс. Қазақстан президентінің айтуынша, "қазір бұл жұмыс дұрыс бағытта жүріп жатыр".
Әңгіме барысында Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мен Жапония арасындағы өзара қарым-қатынастар перспективаларын, оның ішінде ядролық қаруды таратпау саласы бойынша ынтымақтастық туралы хабарлады.