АСТАНА, 3 қар — Sputnik. Қазақстанның басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады, кей жерлерде жауын жауады, тек батыс аймақтарда ғана ауа райы жауын-шашынсыз болады. Кей жерлерде тұман түсуі ықтимал, көктайғақ болып, желдің ұйытқуы 15-25 м/с болады, солтүстікте – төменнен соққан боран. Оңтүстікте кей жерлерде күн күркіреуі мүмкін деп хабарлады Қазгидромет.
"Каспий теңізі оңтүстігінің үстінде қалыптасқан циклон, қатты жылдамдықпен солтүстік-шығыс бағытқа жылжуда, таяудағы тәулікте оның орталығы Балқаш ауданының үстінде болады. Осы циклонмен, соған байланысты атмосфералық фронттармен, республиканың көптеген облыстарында жауын-шашын күтілуде. Еліміздің оңтүстігі, орталығы мен шығысында кей жерлерде күшті жауын-шашын, жаңбырдың арты қарға ұласады, тайғақ, желдің күшеюі кей жерлерде 15-25 м/с дейін жетеді", — дейді метеоқызмет.
Оңтүстік Қазақстан облысында синоптиктердің болжауынша тұман түседі, желдің ұйытқуы – 15-20 м/с, екпіні 23 м/с дейін жетеді, Жамбыл облысында да желдің жылдамдығы дәл осындай болады.
Алматы облысында Жалаңашкөл ауданында желдің ұйытқуы 20-25 м/с.
Ақмола, Павлодар, Қарағанды облыстарында – тұман, көктайғақ, желдің ұйытқуы — 15-20 м/с.
Қызылорда облысында кей жерлерде күн күркіреп, тұман түседі, желдің ұйытқуы – 15-20 м/с.
Солтүстік Қазақстанда – желдің ұйытқуы 15-25 м/с, төменнен соққан боран болады.
Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде тұман түсуі мүмкін, желдің ұйытқуы – 15-20 м/с.
Батыс Қазақстан, Қостанай облыстарында, түнде Маңғыстау облысында кей жерлерде – тұман, көктайғақ.
Атырау облысында – тұман.