Спорт

"Астана"-"Олимпиакос": матч кезінде қай көшелер жабылады

© Сайт ФК "Астана" "Астана" ФК
Астана ФК - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Үлкен футбол кеші Астанада автомобилистерді біраз әуреге салады. Бейсенбі күні кешке "Астана Арена" стадионы маңындағы көшелер жабылады.

АСТАНА, 2 қар — Sputnik. Астанада 3 қараша күні "Астана" (Қазақстан) мен Олимпиакос (Греция) арасындағы халықаралық футбол матчының өтуіне байланысты көлік қозғалысына шектеу енгізіледі, деп хабарлады жергілікті полиция қызметі.  

Матч сағат 22.00-де "Астана Арена" алаңында Астана (Қазақстан) мен Олимпиакос (Греция) арасындағы халықаралық футбол матчы өтеді.

Осыған орай 3 қараша сағат 20.00-де Қабанбай батыр және Тұран даңғылының Керей Жәнібек хандар көшесінен Хусейн Бен Талал көшесіне дейін жол қозғалысы тоқтатылады. Тыйым салу іс-шара аяқталғанға дейін созылады. Орынбор көшесімен жол айналу қозғалысы ұсынылады.

Астана қ. ІІД Жергілікті полиция қызметі жүргізушілерден жолда мұқият болуын және жұртшылықтың пайдасына жеке жол көліктерінен бас тартуды сұрайды. Астана қ. Халықаралық әуежайына жол жүруді жоспарлаған азаматтарға және жақын аудандардағы тұрғындарға алдын-ала баламалы жол қозғалысын жоспарлауды ұсынамыз.

Футбол матчы жанкүйерлеріне жиналу және жеткізу арнайы рейстармен бес пункттен келесі мекен-жай бойынша жүргізіледі:

"Қазақстан" СК көлік тұрағынан (Қажымұқан көшесі);

"Хазрет Сұлтан" мешітінен (Қошқарбаева даңғылы);

"Нұр Астана" мешітінен (шығыс жағының көлік тұрағы);

Қалалық цирк көлік тұрағынан (Қорғалжын шоссесі көлік тұрағы);

Мұңайтпасов атындағы алаң көлік тұрағынан (Кенесары көшесі).


Жаңалықтар
0