Әлем

Пәкістанда тұтқындалған "Ауған қызын" кепілмен босатпайды

© AP Photo / B.K. Bangash"Ауған қызы" Шарбат Гула
Ауған қызы Шарбат Гула - Sputnik Қазақстан
Жазылу
1985 жылы National Geographic журналы мұқабасына суреті шыққаннан кейін танымал болған ауған қызы Пәкістанда жалған құжат жасағаны үшін айыпталды. Оны 14 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесуі мүмкін.

АСТАНА, 2 қар — Sputnik.  Пәкістан прокуроры Мошин Давар бүкіл әлемге "Ауған қызы" деген атпен әйгілі, National Geographic журналы мұқабасының кейіпкері, жалған құжат жасағаны үшін қамауға алынған Шарбат Гуланы кепілмен босату туралы өтінішті қабыл алмады.

Гуланы жалған төлқұжат жасады деген күдікпен Пешаварда өткен сәрсенбіде тұтқындаған болатын. Ол 2014 жылдан бері Пәкістанда тұрып жатыр, алайда соңғы айлары пәкістандық билік өкілдері ресми төлқұжаты жоқ ауған босқындарын елден қуу жұмысына белсене кіріскен еді. Жұма күні сот бұлтартпау шарасы ретінде оны 14 күнге қамауға алуға шешім шығарды.  

Шарбат Гул 1972 жылы Ауғанстанда дүниеге келген. 1980 жылдары оның аулына шапқыншылық жасалып, Шарбат жетім қалады. Аман қалған бірнеше туған-туысымен қыз Пәкістан шекарасындағы Насир-Баг босқындар лагеріне келген. Сол жерде 1984 жылы ол National Geographic журналының фотографы Стив МакКарридің көзіне түседі, содан кейін жас босқынның суреті журналдың 1985 жылғы маусымдағы санында жарық көреді. Портрет бүкіл әлемде "Ауған қызы" деген атпен әйгілі.  

Шарбат 1992 жылы Ауғанстанға қайта оралған, бірақ елдегі тұрақсыздықтың салдарынан отанын тастап кетуге мәжбүр болыпты. 

Жаңалықтар
0