АСТАНА, 2 қар — Sputnik. Мәскеудегі "Россия сегодня" ХАА орналасқан ғимаратқа салынған "жарылғыш құрылғы" туралы анонимдік ақпарат полицияға сәрсенбі күні түскен деп хабарлады қаланың жедел қызметі РИА Новости агенттігіне.
"02" телефонына Зубовский бульвар, 4 мекенжайы бойынша жарылыс болатындығы туралы айтылған қоңырау келіп түсті. Бастапқы деректер бойынша, хабарласқан әйел адам, оның кім екендігі анықталуда", — деді агенттікке сұхбат беруші.
Қоңырау түскеннен соң ғимаратқа оннан астам жедел қызмет көлігі – полиция, өрт сөндіру және медициналық жәрдем көліктері келіп жеткен, кіреберісте құтқарушылар мен тәртіп сақшылары тұрған. Бірақ жарылғыш құрылғы табылмады, сол себепті ғимараттың есігі келушілерге қайта ашылды.