Оқиға

Павлодарда қыз бұрағыштың көмегімен көлікті ұрлап әкеткен

© Photo : mvd.gov.kzҚазақстанның жол полициясы
Қазақстанның жол полициясы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
21 жасар қыз бұрағыштың көмегімен көлікті ашып, айдап әкетті. Ол бұл әрекетін "жай айдап көргім келді" деп түсіндірді.

АСТАНА, 2 қар — Sputnik. Павлодар полициясына қала тұрғыны Mazda 626 автокөлігін біреудің ұрлап кеткенін айтып шағым түсірді деп хабарлады облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметі.

Полицейлер жедел арада "Ұстау" жоспарын жариялап, бүкіл жол патрульдік қызметтерге хабарлама берді. Нәтижесінде жол патрульдік полиция қызметкерлері ұрланған көлікте 21 жастағы қызды ұстап алды, ол Павлов көшесіндегі үй ауласынан көлікті ұрлап әкеткен екен. 

Қыздың мойындауынша, ауладағы көлікті көріп, "жай айдағысы келіп" ұрламақшы болған. Кеш батқанын күткен ол жолаушы отыратын жағынан бұрағышпен есікті ашып, соның көмегімен көлікті от алдырған. Күдікті бұрын сотталған, жұмысы жоқ.

Бұл факті бойынша ҚР ҚК 200-бабы 1-бөлігі бойынша сот алды тергеу ісі жүргізілуде. 

Көлікті ұрлаған қызға 1000 АЕК көлемінде айыппұл салынуы мүмкін немесе сондай көлемде түзету жұмысына салынады, не болмаса екі жылға бас бостандығы шектеледі немесе сонша мерзімге бас бостандығынан айырылады. 

Жаңалықтар
0