АСТАНА, 2 қар — Sputnik. Парламент мәжілісі депутаттары республиканың шығысында төмен байытылған уран банкін құру туралы келісімді ратификациялауды құптады деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
ҚР үкіметі мен Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік (МАГАТЭ) арасындағы келісімге былтыр тамыз айында қол қойылған еді.
ҚР энергетика министрі Қанат Бозымбаевтың мәліметінше, МАГАТЭ 2006 жылы төмен байытылған уран банкін құру туралы шешім қабылдады. 2011 жылы шілде айында Қазақстан бұл банкті өз территориясында орналастыруға өтініш білдірді. Банк Өскемендегі Үлбі металлургиялық зауытында орналасады.
Министрдің сөзіне сүйенсек, бұл банк төмен байытылған уран сақталатын қойма болады. Төмен байытылған уран — атом электростанциясы үшін отын дайындауға қажетті бастапқы материал, ол еуропалық стандарттағы цилиндрлерде гексафторид түрінде сақталатын болады.