АСТАНА, 2 қар — Sputnik. Данияның футбол бойынша құрамасының бас бапкері Оге Харейденің пікірінше, Е тобындағы екі команданың кейінгі турнирлы келешегі тұрғысынан оның қамқорлығындағылардың үй матчындағы Қазақстан құрамасымен ойыны өзекті болмақ.
"Қазақстанмен матч – бұл финал. Егер біз мұнда жеңбесек, онда әлем чемпионатына түсе алмасымыз анық", — деді Харейде даниялық Fyens.dk басылымына берген сұхбатында.
Дания құрамасы қазіргі уақытта Е тобында үш ұпаймен төртінші орында тұр: даниялықтар ірікте циклі басталған кезде қыркүйекте Армения құрамасын 1:0 есебімен жеңген. Одан кейін қонақта Польша командасынан (2:3) есебімен және Черногория командасына өз алаңында 0:1 есебімен жеңілген.