АСТАНА, 2 қар — Sputnik. Қазақстанның территориясының басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, кей жерлерінде жауын-шашын болады, тек оңтүстікте, оңтүстік-шығыста ауа-райы жауын-шашынсыз, деп хабарлайды Қазгидромет метеоқызметі.
Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады, жел 15-20 м/с күшейеді.
Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді. Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейді.
Алматы облысының Жаланашкөл ауданында жел 15-20 м/с күшейеді. Атырау, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады.
Қызылорда, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман болады.