АСТАНА, 1 қар – Sputnik. Павлодар тұрғынына әлеуметтік желілерде экстремистік ұйымның бейне ролигін жариялағаны үшін айыппұл салынды, деп хабарлады Sputnik Қазақстанға Павлодар қаласы мамандандырылған әкімшілік сотының баспасөз қызметі.
Тінту барысында полиция қызметкерлері Қазақстанда тыйым салынған экстремистік "Хизб-ут-Тахрир" ұйымының материалдары бар компьютерлер мен DVD-диск тәркіледі. Сот қаулысымен ӘҚтК-тің 453-бабы бойынша павлодарлық 100 АЕК көлеміндегі айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ол 212 мың 100 теңгеге тең.
Ведомствода атап көрсеткендей, сот процесі тергеу изоляторында өтті. Ол жерде ер адам басқа қылмыс жасады деген күдікпен отыр. Сот қаулысы заң күшіне енген жоқ.