Спорт

Мұхамедиұлы зілтеміршілер медалі туралы: заңға сәйкес қарастырып жатырмыз

© Photo : Служба центральных коммуникаций (СЦК)Арыстанбек Мұхамедиұлы
Арыстанбек Мұхамедиұлы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бұдан бұрын Халықаралық олимпиада комитеті үш қазақстандық ауыр атлет — Майя Манеза, Зульфия Чиншанло және Светлана Подобедованың 2012 жылы Лондон олимпиадасындағы көрсеткіштерін жойғандығы туралы мәлімдеген еді.

АСТАНА, 1 қар — Sputnik. ҚР мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы ХОК жүлделердің күшін жою туралы шешімінен кейін қазақстандық ауыр атлеттердің алтын медальдер мен ақшалай сыйлықтарды өздеріне қалдыра алады ма, жоқ па – нақты жауап бере алмады, бірақ Қазақстан бұл мәселені заң жағынан қарастырып жатқандығын мәлімдеді.

Майя Манеза - Sputnik Қазақстан
Спорт
ХОК үш қазақстандық зілтеміршіні лондондық алтын медальдерден айырды

"Біз Ұлттық олимпиадалық комитетпен бұл мәселені қарастырып жатырмыз, нәтижесін кейін хабарлаймыз. Бұл негізінде халықаралық заңнамаға қатысты мәселе. Қазақстанда мұндай жағдай алғаш рет орын алып тұрғандықтан, бұл мәселені мұқият зерттеп жатырмыз", — деді Мұхамедиұлы үкімет отырысынан кейін. 

Оның айтуынша, 1 қараша күні қазақстандық спортшылармен кездесу болады. 

"Егер халықаралық норма бойынша, спортшылар медальдерді қайтармауға хақылы болса, біз ол жағын да зерттейміз", — деп сөзін қорытындылады министр. 

Жаңалықтар
0