Спорт

ҚР паралимпиада чемпиондары сыйақысын олимпиада жүлдегерлері деңгейіне көтермекші

Жазылу
Қазіргі уақытта Паралимпиада ойындары жүлдегерлерінің сыйақысы олимпиада қатысушыларыныкінен бес есе төмен.

АСТАНА, 1 қар — Sputnik. Қазақстан Үкіметі Паралимпиадалық ойындар жүлдегерінің ақшалай сыйлығын Олимпиада чемпиондарына берілетін марапаттаулар деңгейімен теңестірмекші деп хабарлады "Ақ жол" партиясының баспасөз қызметі.

Рио-де-Жанейрода өткен Паралимпиадада қазақстандық спортшылар Зульфия Габидуллина мен Раушан Қойшыбаева алтын және күміс медальдер иеленгеннен кейін қыркүйек айында "Ақ жол" фракциясы паралимпиадашылар мен Олимпиада ойындары жүлдегерлерінің спорттық жетістіктерін бірдей бағалау мәселесін көтеріп, үкіметке сұрату жіберген еді.

"Республикалық бюджеттік комиссия Паралимпиада ойындарының  жүлдегерлері мен чемпиондарының және олардың бапкерлерінің ақшалай сыйлығын Олимпиада ойындарына қатысушылар сыйлығының деңгейіне көтеруді құптайды", — делінген премьер-министр Бақытжан Сағынтаевтың қолы қойылған ресми жауапта. 

Жаңалықтар
0